Атыраудағы «Ақ Жайық» табиға қорығының аумағында 16 шілде күні қамыс жанып кетіп, 18 гектар жерді шарпып үлгерген деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ҚР ТЖК скриншот.
Өртті сөндіру мақсатында оқиға орнына «Ақ Жайық» жеке құрамасының 30 адамы мен алты арнайы техникасы, сондай-ақ, құрамында 20 адамы бар Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері келді.
Өртті әуеден сөндіру тиімділігі ескеріле отырып, қамыстағы өртті сөндіру үшін Ми-8 тікұшағы тартылды.
Әуеден әрқайсысы үш тонна болатын 23 рет су лақтырылды. Алдын-ал келіп түскен ақпарат бойынша, тілсіз жауды өшіру аумағы 17 гектарды қамтиды екен.
Қазіргі таңда «Ақ Жайықтың» жеке құрамасы өрт ошағында жұмыс істеп жатыр.