Қарағанды облысында радикалды діни топтың мүшелері құрықталды

0
112

18 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қарағанды облысында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді

Қарағанды облысында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді

Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды.

Аталған адамдар террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдіктелуде.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз