Денис Тен көз жұмды: Қалалық ІІД тағы да ресми мәлімдеме жасады

0
309
Алматы қалалық ІІД қазақстандық спортшы Денис Теннің өліміне себеп болған шабуыл туралы пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Денист

Денис Тен

Тергеу басқармасының басшысы Ақылбек Үметалиевтің мәлімдеуінше, Денис өзінің Lexus маркалы автокөлігінен айна ұрламақ болған екі күдіктіні көріп қойған.

«Төбелес барысында спортшы пышақ жарақатын алған. Жеке құрамның барлығы қылмыскерлерді іздестіруде.

Қылмыстық кодекстің 96 бабының 2-ші бөлімі және 106, 192 баптары бойынша іс қозғалды.

Хабарлама келіп түскеннен кейін біздің қызметкерлер сол мезетте оқиға орнына жетіп, заттай айғақтарды тәркіледі», – деп мәлімдеді Үметәлиев.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз