Бас прокурор Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық істі өз бақылауына алды

0
112

Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі өзі бақылайтын болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бас прокурор Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық істі өз бақылауына алды

Бас прокурор Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық істі өз бақылауына алды

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ және ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел тергеу тобы құрылған.

Сондай-ақ, аталмыш іс бойынша процестік прокурорлар тағайындалғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге Алматыда шабуыл жасалған болатын.

Кейінірек алған жарақатының салдарынан үш литр қан жоғалтқан спортшыға орталық қалалық ауруханада ота жасалып жатқаны туралы хабарладық.

Одан соң Алматы қалалық ІІД Денисті пышақтап кеткен бұзақылар туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Ал дәрігерлер болса көп қан жоғалтып, ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген жас жігіттің өмірі үшін барын салыпкүрескендерін айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз