Желіде Денис Теннің өліміне күдіктілердің видеосы таралап кетті

0
461
Нож бабочка
Желіде Денис Тенге шабуыл жасауы мүмкін күдіктілердің видеосы таралуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Кадрдан тез-тез жүріп кетіп бара жатқан екі жігітті байқауға болады.

Біз құзырлы органдардың бұл видеоға қатысты ресми жауабын күтіп отырмыз.

Еске сала кетейік, бүгін Алматының Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалды.

Қалалық ІІД мәліметінше, спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болғандарды көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Үш литр қан жоғалтқан спортшы ауруханаға күндізгі сағат 15:23 шамасында жеткізілген. Дәрігерлер спортшының өмірі үшін екі сағаттан аса уақыт бойы күрескенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Полиция қызметкерлері қазір шабуыл жасағандарды жер-көктен іздестіріп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз