Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктінің суреті жарияланды

0
188

Тәртіп сақшылары танымал спортшы Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктіні іздестіріп жаыр. Әйгілі мәнерлеп сырғанаушыны өлтірген екінші адам Қызылорда облысының тумасы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктінің кім екені анықталды

Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктінің кім екені анықталды

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдіктінің іздестіру жұмысына аймақтық департаменттердің жеке және барлық құрамы жөнелтілген.

Адам өлімі үшін іздестіріліп жатқан күдікті 1994 жылғы Құдайбергенов Арман Бүркібайұлы Қызылорда облысының тумасы болып шықты.

Бойы 165-170 см, арық денелі келген. Үстінде қара футболка, сұр шалбар мен қара аяқ киім киген. Көзінде күннен қорғайтын көзілдірігі бар.

ІІМ күдікті жөніндегі ақпаратты Алматы қалалық ІІД-не, мына нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41- 00, 54-43-66 или 102.

Айта кетейік, Денис Теннің өліміне байланысты қылмыстық істің тергеу жұмыстарымен ІІМ-нің тәжірибелі мамандары айналысып жатыр. Бұл істі Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов өзінің бақылауына алды.

Тергеу жұмыстары барысында тәртіп сақшылары спортшының өліміне қатысы бар күдіктілердің кім екенін анықтады.

Олардың бірі 1994 жылғы Қиясов Н.Д., полицейлердің қолына түсіп уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.

Қазіргі таңда, екінші күдіктіні іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз