Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті қолға түсті

0
460

Денис Тенді көшеде пышақтап, өлтіріп кетті деген күдікке ілінген екінші жігіт Арман Құдайбергеновтің ұсталғаны туралы Алматы ішкі істер департаменті мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ

Денис Тенді өлтірген екінші күдікті қолға түсті

Денис Тенді өлтірген екінші күдікті қолға түсті

Бұл ақпаратты қалалық ІІД баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті азаматты Ақсай шағынауданындағы № 42 орта мектептің маңында қолға түсірген.

Құрықтау операциясын ІІМ мен ІІД-нің арнайы құрылған жедел тергеу тобы жүргізді.

Осыған дейін Арман Құдайбергеновтің сырттай қамауға алынғаны белгілі болған еді. Алмалы ауданының соты күдіктіні екі ай қамауға алуға санкция берді.

Айта кетер болсақ, полиция бүгін таңертең Денис Тенді өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовтың ұсталғанынхабарлаған еді.

Ол кінәсін толықтай мойындады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз