АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ҰШАҚ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ

1
144

2013 жылғы 29 қаңтарда сағат 13 шамасында Алматы қаласының әуежайына шамамен 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырады.

Алдын-ала мәліметтерге сай әуе кемесінің бортында 5 экипаж мүшесі және 16 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады.

Жедел тергеу және апаттық-құтқару шараларын жүргізу үшін оқиға орнына Бас көлік прокуратурасының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері шықты.

Оқиға орны оқшауланды.

Оқиға мән-жайлары, сондай-ақ құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ұшақтың қонуына Алматы әуежайынан рұқсат берілмеген

Апатқа ұшырған ұшақ бүгін түскі сағат 13:30-да Алматы қаласынан 3 шақырым аумақтағы Қызылту Елдімекені маңында құлаған. Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашевтың айтуынша, ұшақта 22 адам болған. Жолаушылардың ішінде тірі қалғандары жоқ. Апаттың тууына ауарайының қолайсыздығы себеп болған.

Бейресми ақпарат көздері Аламаты Әуежайы ұшақтың қонуына рұқсат бермегендіктен, қалың тұманда бағытынан адасып апатқа ұшыраған деген деректі алға тартып отыр.

Ұшақ апатына байланысты Үкімет жанынан комиссия құрылды

Алматы қаласының маңындағы ұшақ апатынан кейін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Үкімет жанынан шұғыл тексеру жүргізетін комиссия құру туралы қаулыға қол қойды.

Комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Аймақтық даму министрі Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін болады. Комиисия құрамында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев, Бас прокуратура өкілдері және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.
Дәл қазіргі уақытта комисся мүшелері жұмыстарына кірісіп, апаттың себеп-салдарын анықтауда.

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың тізімі

«SCAT әуе компаниясы» DV760 рейсімен Көкшетау-Алматы бағытындағы ұшақ бортындағы болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімін жариялады.
1. Дүйсенов Ғалымжан

2. Дүзбаев Дүйсенбі

3. Құсайынов Асқар

4. Лотков Николай

5. Мәлікаждаров Қайсар

6. Ниязов Акрам

7. Омаров Әбілжан

8. Оразбаев Марат

9. Рахымбек Индира

10. Серіков Александр

11. Шүйтіков Әрсен

12. Ескендіров Асқар

13. Жаворонков Иван

14. Владимир Вейст

15. Александр Рубас

16. Бекжан Бақытжан

Экипаж мүшелері:

Евдокимов Владимир

Шарапов Александр

Бабаян Слава

Кривоносова Ирина

Асфандиярова Дина

1 Пікір

  1. Алматыда АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ҰШАҚТА 21 адам болған.,бәрі де опат болды. Туған-туыстарына көңіл айтамыз.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз