Астанада полицейлер жаяу жүргіншілер жолында балаларды қағып кетті

1
135
Астанада патрульдік көлік екі баланы қағып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Иллюстрациялық фото: ОО ОСА

Иллюстрациялық фото: ОО ОСА

Жол апаты 20 шілде күні Сейфуллин мен Рақымов көшелерінің қиылысында болған.

Велосипедіне 9 тоғыз жасар бүлдіршінді отырғызған 12 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны патрульдік көлік қағып кетеді.

Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Аталмыш оқиға елордалық полицияның бейнекамераларына түсіп қалған.

«Жол апаты фактісі бойынша анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.

Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды. Құжаттар процессуалды шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік полиция басқармасына жолданған.

1 Пікір

  1. Сейфуллин мен Рақымов көшелері қиылыспайды ғой. Мүмкін қате жазған шығардыңдар…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз