Астана тұрғыны бассейндегі адам шошырлық жайттарды айтып, жанайқайын жеткізді (фото, видео)

0
119
Елорда тұрғыны балалар бассейндерінің бірінде болып жатқан жағдайды көріп, таңғалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Сурет: facebook.com/groups/proastana

Сурет: facebook.com/groups/proastana

Астаналық келіншек Facebook-тағы топта спорт орталығында түсіріп алған суреттер мен видеоларды жариялады.

Жазба ретінде ол балалар шомылатын бассейндердің бірінде хауыздың екінші түбін көргенін айтты. Ол жерде көп мөлшерде қоқыс жиналып қалыпты, сондай-ақ қабырғаларында жайсыз шырыш та болған.

«Хауыздың бірінші түбінің астында сұмдық жағдай болып жатыр! Бөтелкелер, кәмпит қағаздары, бір кездері балалар жоғалтып алған ойыншықтар, шырыш та қалқып жүр! Онсыз да қабырғаларында шырыш бар еді, енді түбіндегісі – сұмдық! Ол аздай, осының бәрі жылытылады ғой, одан кейін флора өседі», – деп айтты әйел.

Ол тиісті мекемелерді орнап қалған антисанитарияға мән беруге шақырды.

Сурет: facebook.com/groups/proastana

Сурет: facebook.com/groups/proastana

Елордалық келіншек, сондай-ақ, жуыну бөлмелерінде адамдардың дәрет сындыратынын, ал балалардың мұны бассейн ішінде істейтінін айтты. Суға кірмес бұрын ешкім жуынуға қолқаламайтын көрінеді.

Спорт орталығының басшылығы Tengrinews.kz-ке берген жауабында тазарту жұмыстарының үнемі жүріп тұратындығын айтқан. СЭС суды тексеріп, ешқандай заң бұзушылықтарды байқамаған.

Арызданған адамдар болмапты. Бұдан бөлек, кешенде жақын арада жөндеу жұмыстары өтеді екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз