Бүркіт көлік айнасын ұрлайтындардың артында кім тұрғанын ашық айтты

0
361
Денис Теннің өлімінен соң еліміздегі көптеген танымал тұлғалар бұл қылмысқа қатысты үн қатып, өз пікірін ашық айта бастады. Танымал әнші Бүркіт те мәнерлеп сырғанаушының өлімі туралы жаңалықты естіп, есеңгіреп қалған. Желідегі парақшасында әнші өзінің де ұрлықшылардың құрбаны болғанын және олардың «жоғарғы жақтағы» басшылары туралы ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

«Бұл барып тұрған сұмдық жайт. Тапа тал түсте! Қайдағы бір көлік айнасы үшін! Сене алар емеспін. Мұндай қылмыс қашан ауыздықталар екен?! Алматыда көлік айнасын ұрлау үйреншікті болып кетті. Бірақ олардың қолында қару болады деп ойламаппын. Өзім де бірнеше рет солардың құрбаны болдым.

Бірде Төле би көшесі бойындағы автобазардың маңынан олардың бірін қолынан ұстап алдым. Сол кезде олардың бір емес, бірнешеу екенін көрдім. Шамамен 5-6 адам. Бұл – банда ғой. Одан бөлек, олардың жоғарыда «крышасы» бар екенін де естігенмін.

Енді олар кісі өлтіретін деңгейге жетіпті! Мен олар үшін ұялып отырмын, өте өкінішті! Тым болмаса билік мына жағдайдан кейін оларды тиісінше жазалайтын шығар?! Олардың «крышасын» да жазалау керек!», – деп жазды ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз