Жасы қырыққа келген қазақ қызы өзіне жас күйеу сатып алғанын айтып, мақтанды

0
163
Әлеуметтік желіде жасы қырықтан асқан әйелдің хаты қызу талқыға түсуде. Ағынан жарылған әйел азын-аулақ байлығымен өзіне жас күйеу сатып алып, бақытқа бөленгенін сөз еткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Ер адам. Көрнекі фото: ostill, Shutterstock.com

Ер адам. Көрнекі фото: ostill, Shutterstock.com

Әйелдің хатын gulnar__hanym есімімен тіркелген желі қолданушысы жария етеді. Хатта келесі сөздер жазылған:

«Бұл хатымды оқығандар бəлкім мені табалар, сынар, бірақ бұл менің жеке өмірім. Енді жағдайымды айтайын. Мен күйеуімді əу баста ақшаға сатып алғанмын… Мұғаліммін. Білімім жоғары. Бірақ тұрмыс құруға асықпадым. Сөйтіп жүріп жасымның 40-қа қалай келіп қалғанын білмей қалыппын.

Жан-жағымда тек қана көз таныстарым қалыпты. Бірақ үйім бар, көлігім бар, жинағым бар. Біраз адамға қарағанда баймын десем де болады. Тек жалғызбын. Содан бірде Көкшетауға демалысқа бардым.

Сол жерде менімен шамалас, бір отбасылы əйел адаммен танысып, құрбы болып кеттік. Сырласа келе, жанындағы жүрген еркекгімен жақында ғана бас қосқандарын айтты. Жəне ол еркекке қалай қол жеткізгенін ерінбей, үтір-нүктесіне дейін айтып берді.

Менің жағдайымды естіп алған соң, маған көмектескені ғой. Сонымен қалама келген соң сол құрбымның құрып берген жүйесімен іске кірістім. Нəтиже берді. Бір сөзбен айтқанда бойдақ, өзімнен бірнеше жасқа кіші, түрі əдемі еркекті сатып алдым десем де болады.

Өйткені оның бар жағдайын өзім жасап отырмын. Бар шығыны менің мойнымда. Ол да маған əбден үйренісіп алды. Сырт көзге жас айырмашылығы байқалмайды да. Суррогат ана тауып қойдық.

Айтпағым, мен қазір бақыттымын. Бəлкім ол мені бір күні тастап та кетер, бірақ мен əйел бақытын сезіне білгендіктен, оған өкінбес те едім. Əр əйел заты аз ғана уақыт болса да, бақытты болуға қақысы бар.

Мені түсініңіздер деп сұрамаймын. Бəлкім мен бұл қадамға шарасыздықтан барған болармын», – деп ағынан жарылды әйел.

Желі қолданушыларының дені әйелдің бұл әрекетін құптамайтынын жарыса жазуда.

«Есеппен құрылған махаббат есеппен бітеді», «Сатып алғанша кәрі қыз болып жүрген жақсы«, «Қайда сатып жатқанын айтып кетпедіңіз бе, біз де барып алайық», – деп жазған пікір қалдырушылар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз