БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА? Ашық хат

3
84

Ашық хат!

БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА?

«Вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы? А теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда».» деп сауда үйінен шығарылып тасталдым…

ҚР Президенті Н.Назарбаевқа

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовке

Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттіктің төрағасы Ә. Байменовке

Мәдениет және ақпарат министрі М. Құл-Мұқаммедке

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешовке

Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловқа

Павлодар облысы әкімі Е.Арынға

Мәжіліс депутаттары А.Перуашевқа, О. Асанқызына,

Н.Сабильяновқа, М. Бегентаевқа, А.Нуркинаға.

«Нұр-Отан» партиясы хатшысы Е.Қаринге

2013 жылы 31 қаңтарда Керекудегі Лермонтов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан «Сулпак» сауда үйіне қалтафон сатып алмақшы болып кіргенмін. Қазақша сөйлеп, өз тілімде қызмет көрсетуді талап еткенім үшін, күзетпен итеріліп, далаға шығарылып тасталдым. Сол себепті облыстық прокуратураның қабылдауында болдым. «Тілдер басқармасына хат жолдаймыз, өзіміз де тексеріс жүргіземіз» деп қалды. Сауда үйінде болған масқара жайтты диктофонға жазып алдым. Жағамды ұстағаным, барлығы дерлік сатушылар, мені итеріп шыққан күзет қызметкерлері де қазақтар. Олардың айтқандары: «Мы не говорим по-казахский; я понимаю, но обслуживать буду на том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда».

Құрметті мырзалар, қазір де қаламызда орыс мектептері қазақ мектептерінен 10 еседей көп десем, артық айтпаймын. Расы ішінде араласы да бар, бірақ тәрбие орыс тілінде екені барлығына белгілі. Тіпті таза қазақ 4 мектептің өзінде үзіліске шыққандардың өзара қатынасы орыс тілінде. Оған көңіл аударып жатқан ұстаздар жоқ, бірен-сараны болмаса, қайта өздері сол тілде сайрайды! Міне, біздің қазіргі де, келешектегі де болашағымыз! Бір сөзбен айтқанда жеткен жеріміз осы болса керек. Ал қанша қазақ емес орыстілділермен қазақ тілі жөнінде сөз болса, айтатындары, «Языку с детсадов, со школ надо обучатся. Побольше бы садов на казахском, мы бы тоже детей отдавали».

Ал елдегі осы масқара жағдайды қалыптастырып отырған кімдер? Ол биліктің өздері мен бала-шағалары қазақ тілін қақпайтын сауатсыз, қазаққа, қазақтілділерге қарсы үлкен бөлігі! Оның ішіндегі Ресей лоббилері мен өз мәңгүрт-зомбилеріміздің саясатының нәтижесі. Енді қалғаны қазақтілділер мен орыстілділердің арасында жанжал шығып, мемлекетті тарқатып, көршілерге, әсіресе Ресейге өткіземіз демесеңіздер, дереу осы масқараларға шара қодануларыңызы талап етеміз! Облысқа қазақ тілінің, ұлт мүддесінің жанашыры Ерлан Арын әкім болғанда қуанғанымызды қайтейік, сең қозғалар емес… Облыстық Ішкі саясат департаментінен бастап: «Слушаю вас», облыс әкімінің хатшысы «Приемная акима области слушает»- деп шет елдің тілінде сайрайды. Мемлекеттік мекемелердің барлығы дерлік осылай қызмет көрсетеді. Қатынастары тек көрші шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде. Өйткені олар жоғарғы билікке қарап өмір сүреді. Өз елінде, қазақтың есебінен отырып, өз тілін сатқан биліктің басым бөлігіне қызмет етеді.! Ал қалған жекеменшік мекемелердегі тілдік жағдайдың қандай екенін елестете беріңіздер!

Сонда БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛДЕ, ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА?

Мен, қазақтілді ретінде, осы қалада, өз туған-өскен жерімде, өзімнің Тәуелсіз мемлекетімде бейне ұстараның жүзімен жүргендей, жанкешті өмір сүремін. Кеше «Планета электроники» сауда дүкенінен де қуылдым, бүгін «Сулпак»-тан. Кеше менің мемлекеттік тіліме кассирлер ұрсып, автовокзалда билет бермей қойды. Бүгін жұмыспен барған ғимаратыма мемлекеттік тілімде ақпарат ала алмай қайтуға мәжбүр болдым. Аза күні, қалалық сыммен таратылатын радиоторапта Қазақ радиосының орнына орыстілді «Ретро фм», радиосын қойып қойды айқайлаған әндерімен. Оларға облыстың ішкі саясаты департаментіндегілер заң бұзғандарына қарамай араша түседі. Мінекей, Керекудегі, басқа солтүстіктегі қалалардың да бейнесі. Осы масқараларды жоюға, біршамасына әкімшілік, тілдер басқармасы тарапынан көмек көрсетіліп жатыр. Бірақ ол көмектер, өрт сөндірушілердікі сияқты. Бүгін мына жерден пайда болды, ертең басқа жерден тағы болады.

Сондықтан, ұлтымызды ұлтсыздықтан құтқаруға ұмтылуларыңызды талап етемін! 90 пайыз жастардың тілі де, менталитеті де қазақтілді қазаққа қарсы. Оларға бәрібір, қай мемлекетте тұрса да, тек орыс тілінен ешкім айырмаса болды, ал бұл мемлекетке тікелей төнген ұлттық қауіп!

Руза Бейсенбайтегі

Кереку қ. Қайрбаев к. 104-136, 8(7182) 51-10-50

Руза Президентіміздің «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген

тапсырмасын

орындағаны үшін жазықты ма?

Әлде, Керекуде Руза мен қазақ тілін қорғайтын еркеккіндік қалмаған ба?

Қашан көрсең, Керекуде мемлекеттік тілдің өлімші халімен арпалысып жүретін мемлекеттік мекемелер емес… жалғыз осы Руза Бейсенбайтегі. Үнемі оған араша түсетін Алматыдағы «Қазақ үні» газеті бастаған санаулы қазақ басылымдары мен сайттары. Сонда облыстың қазақ тілінің, ұлт мүддесінің жанашыры деп үміттеніп жүрген Ерлан Арын бастаған әкімдердің, мемлекеттік мекеме басшылары, қоғам қайраткерлері мен қаламгерлері бар, қазақ тіліне қаны қызатын бір еркеккіндік қалмаған ба? Сонда Руза Бейсенбайтегі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген тапсырмасын орындағаны үшін жазықты ма? Сонда Павлодарлық мемлекеттік мекемелер үшін Конституция мен Елбасының ерекше екпін беріп айтқан сөзі жай айтыла салған кезекті сөз болып тұр ғой.

Рузаны мемлекеттік тілде, Тәуелсіз Қазақ елінде қазақ тілінде сөйлегені үшін қуып шыққандардың (“БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА?” www.qazaquni.kz ) бір сөзінде билікке қарата айтылған ең басты шындық бар. Олар: «Мы не говорим по-казахский; я понимаю, но обслуживать буду на том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда. Языку с детсадов, со школ надо обучатся. Побольше бы садов на казахском, мы бы тоже детей отдавали»,-дейді.

Міне, Қазақ еліндегі қазақ тілінің өлімші халінің дәл диагнозы. Бұны кезінде ұлты орыс қоғам қайраткерлері де айтқан: Сендер, билік әдейі мемлекеттік тілді білуді мәжбүрлемей, бізді мемлекеттік тілді білу құқымыздан айырып отыр» деген олардың сөзі – ең басты кеселіміз, ұлттық қауіпке апара жатқан басты дертіміз.
Қазақстанда қазақша сөйлегенің үшін қуып шығады!?. Бұндай бейшаралық әлемнің ешқандай Тәуелсіз елінде жоқ, тарихта болмаған масқара! Бодандықтан құтылдық деп, бостан болған 22 жылда жеткен «жетістігіміз!»

Меніңше, ел президентінен бастап, министрі , төрағасы, әкімі, депутаттары, хатшысы бар, жоғарыда аталған тұлғаларда Елбасымыз айтқандай патриоттық, мемлекетшілдік қасиеттерден тамшы болса да, қалған болса, Керекуде шырылдап жүрген Руза бастаған қоғам қайраткерлеріне, жалпы халыққа бір жауабын береді деп сенеміз.

Қазыбек ИСА

www.qazaquni.kz

3 ПІКІРЛЕР

  1. БІЗ ҚАЙ ЕЛДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ? ӘЛІ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫМЫЗ БА? Руза Президентіміздің «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген тапсырмасын орындағаны үшін жазықты ма?
    Әлде, Керекуде Руза мен қазақ тілін қорғайтын еркеккіндік қалмаған ба?

  2. Казыбек мырза дурыс айтасыз, кейде оз тилин ози корлаган казак халкын коргенде карнын ашып, соларды тарбиелеген ата-аналарына окпелейсин…КАЗАК ЖЕРИ КЕШЕГИ ЕЛИМЕН ЖЕРИН БОЛАШАК УРПАГЫ УШИН КОРГАП САКТАП КЕТКЕН, АУЛИЕЛЕРМЕН БАТЫРЛАРДЫН КЕШЕНИ ОСЫ УРПАК НЕГЕ ОЛАРДЫН АРУАГЫНАН КОРЫКПАЙДЫ, типти кытайлардын ози бизден емес, биздин шекараны коршап турган АРУАКТАРДАН КОРКАДЫ екен… бирде тойга шакырылып ауылга бардым, тангы сагат 6-лар шамасында немере инин олгели жатыр айналайын Кульчат шырагым карап берши деп 70-жаска келген жэенгем жугирип келип, жылап турды. Мен келсем немере иним Канат айтып жатыр екен: «АУЫЛДЫ АРУАКТАР КОРШАП ТУР, КЕШЕГИ КАЙТЫС БОЛГАН ДАУИЛДЕК АТА МЕНИ АЛЫП КЕТЕМ ДЕП КОРА ЖАКТА ТУР»-бары жылап ениреп, Канаттын кол-аягын укалап, абыржып жатыр екен. Мен олардын Шыгып кетулерин, Канаттын Алматыда журип РАЙЫМБЕК АТАНЫН басына неге бармайтынын сурадым. Будан кейин РАЙЫМБЕК БАТЫРДЫН басына барып туруын ескерттим. Бирнеше рет илип менин касымда турган РАЙЫМБЕК БАТЫРДЫН РУХЫНА САЛЕМ БЕРУИН сурадым. Мени босатты, аруактар кетип калды деди, мен оган айттым, мен сени али босаткан жокпын, али де ем аякталган жок деп… КАЗАКТАР ТИЛДЕРИН УМЫТСА АЛИ ДЕ АРУАКТАР КЫСЫП, не сойлейтин болады, не бул жерден кетеин болады… БАРИНЕ АТА-АНАЛАРЫ КИНАЛИ, НАМЫССЫЗ ЕТИП ОСИРГЕН…

  3. Иә, Гүлшат, толығымен келісем. Құл құлды тәрбиелеп кете береді… Өкінішке орай олар көп, тым көп!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз