Заманбек Нұрқаділовтың немересі өзінің лесбиянка екенін мойындады (ФОТО)

0
669

Заманбек Нұрқаділовтың немере қызы Бибінұр Нұрқаділова ұятты жиып қойып, құпиясын ашты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында өзінің лесби екенін ашық айтты.

Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Бірқатар отандық басылымдар мен телеарналарда жұмыс істеген журналист Нұрбибі Нұрқаділова өзінің жеке өмірі туралы қызықты деректі айтты. Айтуынша, ол — лесби.

Тосын мәлімдеме жасаған бір ұлдың анасы өзінің «сүйікті қызын» көрсетті. Соған қарағанда ол ажырасқан. Қайрат Нұрқаділовтің қызы футболист бойжеткенді сүйетінін және онымен қалай танысқанын өз жазбасында анық жазыпты.

Ол өзінің жазбасында қыз баланы қалай сүйіп қалғанын және мұндай шешімге қалай келгенін жазған. Оның айтуынша,

мұндай ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Бірақ бір күні оған белгісіз бойжеткен гүл жіберіп, оған өз сезімін ашық білдіре бастайды.

Сезіміне ерік берген Бибінұр оны қалай сүйіп қалғанын өзі де түсінбей қалғанын жазған.

Ол қазіргі сүйіктісі туралы ашық жазбалар жазып, оған деген сезімі туралы ашық айтуда.

Сонымен бірге, Бибінұрдың айтуынша, оның әкесі, яғни Қайрат Заманбекұлы оның бұл таңдауына еш кедергі келтірмепті. Бұл туралы ол оқырман сұрағына жауап беру кезінде жазған.

 

«Бәрі бұл жайтқа қатысты жақсы қарайды. Ол әкеме ұнайды, ал ұлым оны қатты жақсы көреді. Ал бұрынғы күйеуіме бәрібір», — деп жазған бойжеткен.

Айта кету керек, бір ұлдың анасы атанған Бибінұр Нұрқаділова қазіргі таңда жеке бизнеспен айналысады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз