«Мықтылардың бәрі жүр…». Назарбаев ұлының сүндет тойын жасады (фото, видео)

0
217

Желіде Болат Назарбаевтың тойынан видео тарады. Аталған видеоны Мақпал Жүнісова, Гүлзира Айдарбекова сынды өнер жұлдыздары желідегі парақшасына жарыса жүктеуде.

Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен ұлан-асыр тойға қазақ шоу бизнесінің өкілдері қатысқан.

 

«Кешью» тобының әнші қыздары, Бейбіт Құшқалиев, Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова, Нұрболат Абдуллин, сонымен бірге Мақпал Жүнісова мен Гүлзира Айдарбекова сынды танымал тұлғалар тойдағы қонақтардың көңілін көтерген.

 

 

 

Айта кету керек, Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Заманбекқызы да аталған тойға қатысып, желідегі парақшасында видеолармен бөліскен.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз