Сарыағашта хиджаппен келген оқушыларды мектепке кіргізбей, жанжал болды (видео)

0
152

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектепке оқугшылар діни киімдермен кіргізілмейтіні туралы соңғы сөзін айтқан болатын.

Соған қарамастан Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Фирдоуси ауылындағы тәжік мектебінің оқушы қыздары мектепке жаппай хиджаб киіп келген. Мектеп қызметкерлері оларды ғимаратқа кіргізген жоқ деп хабарлады Sn.kz.

Аталған сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерді шарлап жүр.

Видеоны ата-аналардың бірі түсірген. Ол балалардың және өзінің құқығы аяққа тапталып жатқанын айтып, мектеп қызметкерінің өзін ұрғанын айтады.

Алайда, видеороликте ешкімнің оған қол көтермегені анық көрініп тұр.

Айта кетерлігі, мектепке хиджаб киіп келген қыздардың саны өте көп. Олардың біразы ғимаратқа күшпен кірмек болған. Алайда, есік аузындағы күзет ешкімді ішке жібермеді. Видеокадрлардан хиджабқа оранған ондаған қыздың мектеп ауласында тұрғанын аңғаруға да болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз