Жаңа видео: Назарбаевтың не айтқанын білесіз бе?

0
543

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдында үлкен белес тұрғанын бала кезден-ақ сезгенін айтты.

Бұл туралы ҚР Президенті Телерадиокешенінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады. Видеода Президент жастық шағы жайлы естеліктерімен бөліседі.

«Студенттік кездерден-ақ Президент «өз елің үшін еңбектенуің керек» деп, таңертең тұрып, өз-өзіне айта беретін. Таңертеңгілік ритуалы осы. Ал сіздің таңыңыз қалай басталады?» деген жазбамен бірге жарияланған видеода Елбасы өмірлік мақсаты туралы сыр шертеді.

«Мен мінез-құлық тұрғысынан арманшыл адаммын. Бала кездің өзінде алдымда үлкен белес күтіп тұрғанын сезетінмін. Бұл сезім менің санамда әрдайым жүретін. Бұл түйсіктің қайдан пайда болғанын түсіндіре алмаймын. Политехникалық институтта оқып жүрген студент шағымда кейде таңертең айнаға қарап тұрып, «Сен өз елің үшін пайдалы іс тындыруға тиіссің» дейтін едім», — дейді Президент бұл видеода.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз