Миллионнан аз: Мәдениет министрі жалақысы жайлы айтты

0
374

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жалақысының қанша екенін айтып берді, – деп жазды stan.kz.

«Менде құпия ешнәрсе жоқ. Ақшаға қатыстыны ашық жариялаймын. Қызметткі жалақым  еңбек сіңірген қайраткерлік атағы үшін ақша қосылады. Жалпы 980 мың теңге алам», – дейді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің қаржы және экономика министрі бола алмайтынын мойындады. Ол «президент басқа министрліктің басшылығын ұсынса, не істер едіңіз?» деген сұраққа жауап берді.

«Маған сенім артқаны үшін елбасыға ризамын. Бір оқиғаны айтайын,  ректор болып тұрғанымда мен көп қызметке ұсынды. Ақырында шығармашылық орта бұйырды. Президент өте сезімтал адам болған соң осылай болды. Ал, мен қаржы және экономика министрі бола алмайтын едім. Бұл саладан хабарым жоқ. Кез келген уақытты қызметіміз ауысуы мүмкін. Бірақ, мен бұл қызметтерге баруды қаламас едім», – деді ол.

Мұхамедиұлы елбасымен телефон арқылы қаншалықты жиі сөйлесетінін атап өтті.

«Барлық министр әрдайым елбасының жанында. Ол өте дана адам. Ол талап қойғанда, аспанға ұшып кеткің келеді, бірақ сені мұқият тыңдағанда бәрін дәлелдеуге болады», – дейді мәдениет министрі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз