Сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілмен босату туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты сотқа дейінгі тергеу жұмысымен айналысқан органның күдікті Уәлиевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырды», – деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.
Кейінірек Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үй қамауына алынғаны хабарланған болатын.