1989 жылдан бергi қазақ мемлекетiнiң билеушiсi Нұрсұлтан Назарбаевқа ДАТ!

4
297


Уа, Нұр аға! “Арысым!,
Баға жетпес барысым”…
Алатауда ер жеткен,
Тарлан мiнез тағысың.
Өзiң сүйген елiңнiң,
Маңдайдағы көзiнiң,
Қарасы менен ағысың.
Абылай мен Кененiң,
Қанындағы тектiлiк,
Сiзге дағы дарысын.
Байқаймысыз заманның,
Алай-дүлей ағысын?
Таптап жатыр тексiздер,
Бетi қалың бетсiздер,
Қазағыңның намысын.
Селт етер кезiң болды ғой,
Жаралғаның рас болса,
Байтақ елдiң бағы үшiн.
Тауыққа ұқсап барамыз,
Терiп жеген қытай мен
орыстың шашқан тарысын.
Қарасайдай тұлпардың,
Сүйiнбайдай сұңқардың,
Тұяғы едiң қайтейiн,
Қайда кеткен намысың?..
Алаштағы асылың,
Сүйенiшiң, тынысың,
Атқа қонған халқым деп,
Заманбек пен Алтынбек,
Қайда кеттi арысым?…
Желтоқсанда жастардың
Өздерiңдей “ағадан”
Сынбап па едi сағы шын…
Ширек ғасыр өткенде,
Жерден бе, әлде көктен бе,
Алдыңнан шықты тағы сын.
Жетпiстен асқан шағыңда,
Тәңiрi берген тәубеңнен,
Жаңылып әлде қалдың ба?
Жаңаөзенде оқ атып,
Күнәға баттың белшеден,
Баяны жоқ тақ үшiн…

Уа, Нұр аға! “Кемелiм”
Ашып айтқан жырымды,
Асып айтты демегiн,
Басып айтқан сынымды,
Тасып айтты демегiн.
Тегiмдi менiң сұрасаң,
Хан Абылай бас иген,
Баһадүр Баян батырдың,
Бел ұрпағы мен едiм.
Сол Абылай тұсында,
Қай қалмақтан кем едiң?
Хан Кененiң тұсында,
Қай орыстан кем едiң?
Алтынбектiң барында,
Екi тарлан бөрi едiм,
Заманбектiң барында,
Заңғар едiм, өр едiм.
Шүлдiрлеген тiлiмдi,
Қаймақ етсем деп едiм,
Дiрiлдеген дiнiмдi,
Аспанында Алаштың,
Байрақ етсем деп едiм.
Өр намысын жастардың,
Қайрап өтсем деп едiм,
Өле-өлгенше елiм деп,
Сайрап өтсем деп едiм,
Ата Заңды ап қолыңа,
Қазағымның жолына,
Қасық қаным құрбан деп,
Ант берген “Ханым” сен едiң…
Әуелi Ханым ант берсе,
Антынан кейiн жалт берсе,
Құдай-ау кiмге сенемiн?
Алқынып ауа қармадым,
Алаштың арыз-арманын,
Аруағына тапсырдым,
Абылай менен Кененiң…

Уа, Нұр аға, Нұр аға!
Мойныңды елге бұр аға.
Опасыз мынау дүние,
Басыңда мәңгi тұра ма?
Өмiрден өткен өкiнiп,
Патша да, не бiр ғұлама.
“Қазағым” деп ту алсаң,
Атыңнан мәңгi құлама.
Жарқ ете қалған сұм жалған,
Мойынын керi бұра ма?
Қазаққа түстi қыл бұрау,
Қолыңмен оны бұрама.
Тамырын шапқан бәйтерек,
Құласа қайтып тұра ма?
Алтында басы қорланған,
Сормаңдай болып сорланған,
Қазақтың жайын сұрама.
Дәл бүгiн момын елiңдi,
Барасың бастап жыраға.
Осыны ойлан, Нұр аға!
Қиындықтардан қашпаған,
Мұстафа Кемаль бастаған,
Ынтымақ, ырыс елiне,
Атыңның басын бұр аға!…

Уа Нұр аға! Сен едiң,
Қалап бiр алған “Ханымыз”…
Бiрлiгi үшiн халықтың,
Шығарда бөлек жанымыз.
Ебiн тапсаң сайлауда,
Анталаған дұшпанға,
Сынбасын дедiк сағыңыз.
Жиырма жыл көкке көтерген,
Желбуаз сөзге етi өлген,
Аңқау қазақ тағы бiз.
Келiмсектер кекiрiп,
Төбемiзде секiрiп,
Сорға айналды-ау бағымыз.
Жемқорлық пен жантықтық,
Сәнге айналды бұл күнi,
Айта-айта оны да,
Қарысар болды жағымыз.
Бағалай бiлген адамға,
Ақар да, шақар күй кешiп,
Демалып жатар шағыңыз.
Кемел бiр шешiм қабылдап,
Қарғысын емес халықтың,
Алғысын ертең алыңыз.
Келер ұрпақ алдында,
Кiршiксiз болар арыңыз,
Баянды болар бағыңыз.
Жүз жiгiттiң iшiнен,
Жүзiне де қарамай,
Руына да қарамай,
Өткiрлiгi алмастай
Өкiнiп ертең қалмастай,
Iзбасар таңдап алыңыз.
Байқалмай қалар тек сонда,
Бүгiнгi мүшкiл халiңiз.
Шайқалмай қалар тек сонда,
Тәңiрдiң берген тартуы,
Алтыннан құйған тағыңыз…

Серiк ҚҰСАНБАЕВ
Өскемен қаласы, 2013 жыл.
Жас Алаш

4 ПІКІРЛЕР

  1. Нұрсұлтан Назарбаевқа ДАТ тура тжазылған. Мұрагерді ойлайтын кез жетті. Өтіп барады тіпті… Енді кешіксе Елбасыға ғана емес, елге де қауіпті…

  2. Серік аға ақын ретінде шындықты шырылдатыпты.сахнада айтса қандай әсерлі болар еді!!!

  3. Серiк ҚҰСАНБАЕВ. «Iзбасар таңдап алыңыз.»
    Бұл қандай «Ата Заң» бір өзі ізбасар таңдаса 8 млн. дауыс беруге құқылы халық қол хат жазып беріпті ме? Бұл не дегенің Серік, есің дұрыс па?

  4. оңтүстіктен шыққан орысқа жағымпаз президенті мен, сол президентке жағынған жағымпоз халқынан шаршадық… шындықты айтса осылай шығыстың жігіттері айтар

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз