БҰҰ-ның бас штабы алдында Қытайдағы қандастарды қолдау жиыны өтті

0
667

Бүгін Швецарияның Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас штабының алдында Қытай үкіметі саясатының салдарынан зардап көріп жатқан мұсылмандардың қиын жағдайына әлем жұртшылығының назарын аудару мақсатында белсенді топ өкілдері жиын өткізді.

Бұл туралы фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Атажұрт жастары» парақшасында айтылды.

– Қытайдағы азап көріп жатқан 3 миллион қазақтың атынан АТАЖҰР ЕРІКТІЛЕРІ Оразұлы Қыдырəлі, Германиялық Өмірхан Алтын жəне Қытайда жазықсыз 2 ай Концлагерде қамалған Аманжан Сейітұлы тағы басқа мемлекеттерден келген Қазақтар қатысты. БҰҰ алдында Қытайдағы қандастардың жан-айқайын Өмірхан Алтын ағамыз бен Оразұлы Қыдырəлі жеткізді, – делінген парақшада.

Еске сала кетейік, Қытай үкіметінің саясаты салдарынан ондағы қандастарымыз жаппау қуғынға ұшырап, арнайы түзету лагерьлеріне қамалғаны туралы түрлі ақпараттар БАҚ-та әлі жарияланып келеді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы концлагерьлерге қатысты наразылық нотасын да жолдаған болатын.

gu-gu.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз