Әйелдің сөмкесінен ақша ұрлаған бұрынғы вице-министр 3 жылға сотталды

0
224

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қобыланды Мусин Астанада 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

Сот Мусинді қомақты көлемде жасаған ұрлығы үшін кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі түрде еңбекке тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

Сондай-ақ, ол жәбірленуші тарапқа 1,8 миллион теңге көлемінде материалдық шығын және мемлекеттік баж салығы ретінде 18 мың теңге төлеуі тиіс.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың жазында елордалық сыраханада әйелдің сөмкесінен қомақты көлемде ақша ұрланған еді. Осыған қатысты онымен таныс болған Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қобыланды Мусин күдікке ілінді. Мусин сот отырысы барысында миллион емес, тек 4 500 теңге алғағанын айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз