«Тағдырым қыл үстінде»: Сайрагүл Сауытбай елге сәлем жолдады

0
191

Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін істі болған Сайрагүл Сауытбай қазақ халқына сәлем жолдады. Этникалық қазақтың бұл видеосын адвокаты Абзал Құспан Facebook әлеуметтік желісіне жариялады.

Сайрагүл Сауытбай екі баласын жанына алып, алдымен қазақ халқымен сәлемдесті.

«Армысыздар, данышпан, дара халқым. Белгісі себептермен бір жағынан қыл үстінде тұрған тағдырым, енді бір жағынан денсаулығыма байланысты күткен үміттеріңізді ақтай алмай келемін. Алла қаласа босқын мәртебесін ала алсам, қалған ғұмырымды ұлтым үшін еңбек етуге арнаймын», – деп Сайрагүл өзі шығарған өлең жолдарын оқыды.

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай мамыр айының ортасында Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен тұтқындалған болатын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан шартты жаза кесуге шешім шығарылды.

4-қазан күні Қазақстан билігі Сайрагүл Сауытбайға «Босқын» мәртебесін беруден бас тартты. Бұл ресми ақпарат.

Дереккөз: sn.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз