Танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов «Талқылайық» бағдарламасына сұхбат беріп, Димаш Құдайбергенге қатысты өз ойын білдірді. Ақынның пікірінше, Димаш бүгінде Қытай саясатының құрбаны болған.
«Талант пен ұлтқы қызмет ететін адамды ажырата білу керек. Екеуі мүлде екі бөлек. Мен Димашты «Сендей әншілерден қорқамын» деп сынағанда біздің жастардың оның соңынан еретінін білдім. Ал Димаштың қазіргі образын кім қалыптастырды? Қай ұлт қалыптастырды? Қытай қалыптастырды ма? Олар біздің баланы бізге қарсы пайдаланып жатыр. Мен осылай болатынын білгенмін. Ол болған практика. Бірақ Димаш Қазақстанда жүрген кезінде, мысалға «Саз әлемінде» жүргенде бір адам оны қолынан жетектеп, сол жерге барсын деп сүйреді ме? Жоқ, жарқ етіп шыққан кезде біз мақтануға мәзбіз. Біздің бала, біздің бала дейміз. Егер біздің министрліктің басы істейтін болса оны «Славян базарынан» кейін Қазақстанның опералық паспорты ретінде пайдаланып, керісінше қоюы керек еді. Димаш Құдайбергенов қазіргі уақытта таза Қытай саясатының құрбаны» — деді ақын сұхбат барысында.