Төрт жерден пышақталған: Қарағандыдағы төбелестен көз жұмған жігіттің әкесі оқиғаға қатысты бар шындықты айтып берді

0
520

Қарағандыда «Древний Рим» мейрамханасының маңында болған төбелес салдарынан көз жұмған Рақымжан Жансейіттің әкесі қайғылы оқиғаның анық-қанығын айтып берді. Бақытжан Жансейітовтың сөзінше, ол қанды оқиғадан кейін ұлының мүрдесін бірінші боп көрген.

Үш сағат іздедім: Қарағандыдағы төбелестен көз жұмған жігіттің әкесі оқиғаға қатысты бар шындықты айтып берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бақытжан Жансейітов төбелестен кейін хабарсыз жоғалып кеткен ұлын үш сағат бойы іздеген. Ақыры таңғы сағат 06:30 шамасында «Древний Рим» мейрамханасынан он метр жерден тапқан. Сорақысы сол, ол ұлын полицейлермен емес, ұлының достарымен бірге іздепті. Айтуынша, ұлының омыртқасына пышақ сұғылып, тағы бірнеше жері тілінген.

«Төбелес болғаннан кейін полиция келгенде, күзетшілер төбелес болғанын және бәрінің тыныш тарқағанын айтқан. Сонымен полицейлер қайтып кеткен. Сонан кейін мен барып баламды тауып алып, полицияға қоңырау түсірдім», – дейді марқұмның әкесі.

Қарағанды маңындағы Жаңаөзен аулында Жаңа жылды мерекелеген жастарды көмекке шақырғанда, Мадияр есімді жігіт те барған. Айтуынша, «Древний мир» мейрамханасына екі көлікпен барғанда, сол жерде екі адамның беті-аузы қансырағанын көріпті. Алайда досы Рақымжан басқа көлікпен келгендіктен, оны сол жерден байқамағанын айтады.

Мадиярдың сөзінше, мейрамханаға кіріп те үлгермеген жастар қолына темір зат ұстаған бір топ адам тап беріп, соққыға жыққан. Мұнан кейін ол үш жерден пышақ жарақатын алыпты. Сондықтан әрі қарай не болғаны есінде жоқ. Десе де ол бұған дейін Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратты жоққа шығарды.

«Біз мейрамханаға өзімізбен бірге ештеңе алып барғанымыз жоқ. Төбелесу үшін де бармадық. Жанжалды бастаған біз емес. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратпен мүлде келіспеймін. Себебі барлығы видеода бар.

Ал қазадан қабырғасы қайысқан отбасы Рақымжанның денесі төрт жерден пышақталғанын айтып отыр. Тіпті, аяғынан травматикалық оқтың ізін байқаған.

Еске сала кетсек, 1 қаңтарда түнде бір топ жастар жаңа жылдық мейрамды қаладағы мейрамханалардың бірінде атап өткен кезде қанды оқиға орын алды. Төбелес салдарынан мейрамхана маңында 23 жастағы жігіт көз жұмды.

Оқиғадан кейін 8 адам ұсталды. Тағы бір күдікті Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған еді. Ол күні кеше Ресейде ұсталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз