Қазыбек Иса: ҚЫТАЙДАҒЫ САЯСИ ЛАГЕРЬ «ЖҰМАҚ» ДЕГЕНДЕРДІҢ ӨЗІ ЖАТСЫН СОНДА…

0
560

Қазақстан телеарналарынан Қытайдағы саяси лагерьлерді көруге барған  12 елдің дипломаттары мен журналистеріне  ол лагерьлерді  көзбояушылықпен керемет етіп көрсеткен  хабарлар көрсетілді, — деп хабарлайды qazaquni.kz.

Қазақстанның Қытайдағы елшісінің кеңесшісі  Манарбек  Қабазиев  те:

“Қытай [саяси тәрбиелеу орталығындағы] оларға жақсы жағдай жасаған. Демек, Қытай басшылары өз азаматтарының қамын ойлайды деп айтуға болады. Менің ойымша, Қытайдағы орталық үкімет және Шыңжаң өңірінің басшылары өз азаматтарына жаңа мамандық игеруге мүмкіндік жасап жатыр” 

деп соғып жіберіпті.

Қоғам қайраткері Қазыбек Исаның жазуынша, тозақты  «жұмақ» етіп көрсетуге өзіміздің қазақ  ағайындардың жандайшаптанып жүруі сүйекке таңба салады. Саяси лагерьлер кеңесшіге  керемет болса, өзі барып,  бір шерлі қазақтың орнына ауысып жайғассын сонда, — деді мақала авторы.

Оның сөзінше, бұл  көзбояушылыққа  елдің көзін жеткізіп, әшкерелеу үшін еліміздегі Қытайдағы қазақтар мәселесімен айналысып жүрген және басқа да қоғамдық  ұйымдар  мен қайраткерлер бірлесіп, мәлімдеме жасау керек.

Қытайдағы қазақтарды тез көшіріп әкелу керек. Әйтпесе, екі миллиондай  қазақтан  тірідей айрыламыз, олар енді он жылдан кейін  шетінен қытай болады.

Сол үшін Қытайдағы  ең соңғы қазақ шекарадан өтіп, Тәуелсіз қазақ жерін сүйіп құлағанша, жұмыс тоқтамау керек! — деп түйіндеді сөзін автор.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз