Денис Тен ісі: Сотталушыларды 20 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

0
180

Денис Теннің ісіне қатысты сот отырысында прокурор Қуандық Досов спортшының өліміне күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденгенін алға тартты. Мемлекеттік айыптаушылар қылмыскерлерді 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады деп жазады NUR.KZ.

Арман Құдайбергенов «Алдын ала келісіп ұрлық жасау», «Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық» , «Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру» бабы бойынша айыпталып жатыр.

Нұралы Қиясовқа ұрлық бойынша айып тағылмаған. Алайда оның қылмыстық ісі қалған баптар бойынша қаралуда.

Ал Жанар Толыбаеваға «Алдын ала келісіп жасалған ұрлық» пен «Қылмысты жасырып қалу» баптары бойынша айыпталуда.

«Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты кінәлі деп танып, оларды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ал Жанар Толыбаевға 4 жыл жазасын өтеу туралы үкім шығаруыңызды сұраймын» , – деді прокурор Досов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз