Ұлттық ата текті қорлаған жартылай қорғаушы Ұлттық мүддені қорғай ала ма?

1
176

Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы Қазақ үшін ең қасиетті  Тәуеліздік мерекесіне орай салтанатты шараға шақырған  шақыру хатындағы  «Ұлан Қонысбай» деген қазақ тілінің заңдылығына сай атасының атын мазақтап,  шақыру хаттағы бейнеленген еліміздің ресми белгілерін келекелеп, сайқымазақ смайлик қойып тұрып «Я НЕ КОНЫСБАЙ» деп, инстаграмға жариялап жүрген сенің, шынында да, «ҚОНЫСБАЙ» БОЛУҒА ХАҚЫҢ ЖОҚ!

Қазақша ата тектен қашып отырған Улан КонысбаЕВтың  қазақша білетініне де – Ана тіліне адалдығына да күмәнім бар!..

Ал ұлттық ар-намысы жоғары  Ақтөбе облысының  тұрғындары  «Ақтөбе» футбол клубының  жартылай қорғаушысы  Улан КонысбаЕВтың бұл ұлттық мүдеге қарсы сүйекке таңба салар  тірлігіне өз бағаларын бере жатар…

Мен  Улан КонысбаЕВтың, ол  ата тегін өзі осылай сауатсыз сүйсіне жазатынын жақсы білемін – азан шақырып қойған өз атын да, атасының атын да қазақ ұлтына және қазақ тілі заңдылығына сай «ҰЛАН ҚОНЫСБАЙ» деп қазақшалап, сауатты жазып берген РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ  шарасына шақырушыларға  мың алғыс айтамын. Кім жазса да, біздің редакцияға хабарласса, дұрыс болар еді?!

Әйгілі қазақ тарландары Рахманқұл Бердібай, Шерхан Мұртазалар  бастаған ұлт зиялыларының Елбасыға Ашық хат жазуының арқасында  1996 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыың  «Ұлты қазақ азамат­тардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы шықты. Бұл Жарлықта «Ұлты қазақ аза­маттар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс»-деп нақты атап көрсетілді.  Елбасының осы тарихи Жарлығы шыққанына қазір ширек ғасырдай уақыт  болды.. Әлі күнге  ОТАРЛЫҚ  «ОВ-ОВА»-дан АРЫЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАНДАР АЗ ЕМЕС! ОЛАРҒА БІРІНШІ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН КЕСЕПАТТАР ЦОН-дарда  ОТЫР. Ұлттық мүддеге қарсылар ата тегін қазақшалағысы келгендерге: «БОЛМАЙДЫ! ОНДА ТУУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК, ДИПЛОМ, НЕКЕ КУӘЛІГІ,  КӨЛІК ЖҮРГІЗУ КУӘЛІГІ т.б. ҚҰЖАТТАРДЫ АУЫСТЫРАСЫЗ. ТІПТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛА АЛМАЙ ҚАЛАСЫЗДАР» деп, әдейі жалған айтатынын  біз талай  әшкерелеп  жаздық. Оның бәрі өтірік. Президент Жарлығы бойынша ондай кедергі талаптарға  жол жоқ.  Жарлықтың 5-тармағында  «Республика Үкіметі өзінің құқықтық нормативтік актілерін және республиканың орталық атқарушы органдарының актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін» деп жазылған. Төлқжатында  «ов»-тан құтылғандар толып жүр сол бұрынғы құжаттарымен. Ауыстыратын заңды мерзімі келгенде  ғана ауыстырып жатыр.

Ал атын қазақшалаудан өзі құлшына қашып отырған футболшы Улан КонысбаЕВ мен білсем, осы 1996 жылғы ата тегіңді қазақшалауға  заңды  құқық берген Президенттің тарихи Жарлығымен  жасты немесе Тәуелсіздік алған жылмен қарайлас болар… Сонда Тәуелсіз Қазақстанда біз 28 жыл бойы КІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕП ӨСІРІП КЕЛЕМІЗ?  Ұлттық атаудан қашқандар Ұлт тағдыры сынға түскенде елінен де қашып жүруі әбден мүмкін емес пе?  Ұлттық  ата текті қорлаған жартылай қорғаушы Ұлттық мүддені қорғай ала ма? 

Өйткені, барлық мәселе басынан басталатыны секілді, ұлттық мүдде адамның  аты-тегін  қазақшалаудан басталады!

Қазыбек ИСА,

Дереккөз: qazaquni.kz

1 Пікір

  1. Өй،біздің Ақтөбеде ондай мәңгүрттер жетеді. Осылай орысша сөйлеп،орысша фамилия тағып жүрсе орыс болавмыз деп ойлайды олар.Көттеріне бір бөшке «Русская водка» құйса да،орыстар үшін «чурка» болып қала беретінін ойламайды олар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз