Генерал Есетов өлімінің басқа себебі болуы мүмкін

0
103


Астана. 11 ақпан. BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Шекара академиясының басшысы Талғат Есетов 31 қаңтарда өз кабинетінде, ауыр жаралы күйде табылып, көп ұзамай, қайтыс болды. Тергеушілер Талғат Есетовтің өлімінің басқа себебі болуы мүмкін деген болжам жасауда.

«Мегополис» басылымының жазуынша, Талғат Есетов 25 желтоқсанда Шымкент түбінде апат болған Ан-72 ұшағын жөндету бойынша «Укрспецэкспорт» компаниясымен келіссөздер жүргізген. Алайда, ұшақ тек қағаз жүзінде ғана жөнделіп шыққан. Басылымның хабарлауынша, бұл хабарды Астанада қамауға алынған украниналық компанияның өкілдері айтып отыр.
«Демек Шымкент маңында болған апатқа кінәлілердің қатарында Талғат Есетов те бар деген сөз. Соның кесіренінен ұшақтың ұшу аппаратын автоматты басқаруға арналған құрылғы мен биіктікті өлшейтін аспап істен шығып, Ан-72 ұшағы діттеген жеріне жете алмаған» дейді «Мегополис».
Естеріңізде болса, бұған дейін Есетов өз-өзіне қол жұмсады деген болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз