Көпбалалы ана алған жәрдемақысын есептеп, барлық соманы министр Әбілқасымоваға қайтарып бергісі келеді

14
482

Алматылық көпбалалы ана Акма Басирова 2009 жылы төртінші перзентін дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанған. Содан бері ай сайын жәрдемақы алып келемін, деген әйел әлеуметтік көмектің әр тиынына дейін есептеп қойыпты. Ендігі ол барлық соманы 16 мың теңгені көпсінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға қайтарғысы келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2009 жылы төртінші ұлым дүниеге келгенде көпбалалы ана атандым. Содан бері ай сайын жәрдемақы ала бастадым. 2011 жылы бесінші перзентім дүниеге келді», – деп жазады көпбалалы ана Facebook желісінде.

Бүгінде 5 перзентін тәрбиелеп отырған Акма Басирова 9 жылда алған жәрдемақысын әр тиынына дейін есептеп шыққан.

«Мен жазған сома отбасымдағы әр балаға есептелген. Мысалы, ай сайынғы төлем 10 мың теңге болса, әрқайсына 2 мың теңгеден.

2009 жылы 4 балам үшін ай сайынғы төлем – 5 472 теңге. Бір жылда 60 660 теңге болады.

2010 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 5 940 теңге. Бір жылда – 66132 тг.

2011 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 6 006 теңге. Бір жылда – 72 072 теңге.

2012 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 6 428 теңге. Бір жылда – 77 136 теңге.

2013 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 6 876 теңге. Бір жылда – 82 512 теңге.

2014 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 8 246 теңге. Бір жылда – 98 952 теңге.

2015 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 8 705 теңге. Бір жылда – 104 460 теңге.

2016 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 8 824 теңге. Бір жылда – 105 888 теңге.

2017 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем – 9 440 теңге. Бір жылда – 113 280 теңге.

2018 жылы барлық балам үшін ай сайынғы төлем –10 005 теңге. Төлемді маусым айында тоқтатты. Алған сомам – 60 030 теңге.

Әр тиынына дейін санадым», – дейді Басирова.

Осылайша, көпбалалы ананың 9 жылда алған жәрдемақысының жалпы сомасы бас-аяғы 841 112 теңгені құраған. Менің бай мемлекетке жалпы қарызым осы, дейді ол.

«Министрлік берген ақпарат адамдардың басқаша ойлауына сеп болып, соның салдарынан еліміздегі азаматтардың дені көпбалалы отбасылар жұмыс істемей, мемлекеттің есебінен күн көру үшін бала табады деп ойлайды. Сол үшін ренжимін. Көпбалалы болғаның үшін өмір бойы жәрдемақы алу үшін бір күнде қатарынан 5 баланы босану керек және ол балалар өспеуі тиіс. Негізі, көпбалалы аналар жәрдемақы алатын мерзім 6-10 жыл аралығы», – дейді ренішін жеткізген ана.

Сонымен қатар ол 9 жыл көлемінде алған жәрдемақысының барлық сомасын, яғни 841 112 теңгені еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымоваға қайтарып бергісі келетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәдина Әбілқасымова «еліміздегі көпбалалы аналар мемлекеттен өмір бойы миллиондаған теңге жәрдемақы алады, басқа елде біздікіндей жағдай жасалмаған» деп жар салған еді. Осыдан  кейін ол көпшіліктің сынына ілікті.

14 ПІКІРЛЕР

  1. Өте орынды айтылған, жоғарыда ұйықтап отыратындардың бір айлық табысы осы 9 жылда алғаннан да көп шығар

  2. Ия коп, уйктап тук истемей отырып 800 мын алады. Халыктын муддесин коргау ушин отырган адамдар екендерин билмейди де тусинбейди де

  3. 5 бала тауып өсіріп,1 депудаттың 1 айлық жалақысын 9 жылда алыпсыз ғой

  4. КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА КӨМЕК БЕРУ КЕРЕК ПАСОБИЯ КӨТЕРУ КЕРЕК ПРОДУКТА БЕРУ КЕРЕК ДАХОТ ЕСЕПТЕИМЕЙ

  5. Коп балалыларга коп кутурмей аренда желио дегенди берсе жаксы болар еди комеги сол болсин олардын

  6. Дұрыс, қолдаймын сізді Ақмарал ханым. Біздің мемлекет әр балаға көмек беруге болатындай шамасы бар!!! Бөліп жарамай. Көп балалы деп бөлмей

  7. Мен көпбалалы аналардың бірі боламын менің уиімнің кужаты жок соны шығарып берсе әкімшіліктегілер

  8. Акмарал Басировага ризамын. Коп балалы отбасын котеру керек акшасын есептегенше

  9. Халыктын алган коринеди сендерге депутататрдын айлыгымен алысындар битирген жумыстары жок айлыктары биздин 2 жылдык зарплата

  10. Олар дың дымы кетпеиди қайтып бергеннен ол ақшаны оларға берген ше шын мәнінде мұқтаж жандарға берген жақсы. Ақмарал Басирова. Үз ұжымдары мен издеп журип мукт жандарға керек жарактар ын апарып берип жүр

  11. Маган уи керек мен коп балалы анамын 7 бала шагам бар менин бармаган жерим жок барлык жерге бардым мен ушин тудын ба деген адамдар да бар мен осы Алматыда турамын патер жалдапмаган осы Алматыдан уи болса бала шагамнын неспесине сиздерден комек болмаса сиздерденде жогарыларга жазамын

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз