Мемлекеттік құпияны жариялаған Майлыбаев жазасын жеңілдетуді сұрады

0
142

Мемлекеттік құпияны жинап, оны жариялағаны үшін жазасын өтеп жатқан Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев соттан өзін қауіпсіздігі барынша төмен колонияға ауыстыруды сұрады деп хабарлайды nur.kz.

Астана қалалық соты баспасөз қызметінде хабарлағандай, Майлыбаев жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеп жатыр.

Жақында ол өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Ал №2 Байқоңыр ауданы соты бұл өтінішті қабылдаған жоқ. Аталған шешім 20 ақпан күні қабылданды.

Бағлан Майлыбаев – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары. Ол Қылмыстық кодекстің 185 бабына сәйкес айыпталған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз