Өзбекстан президенті Тоқаевты күтіп алған сәтін парақшасында жариялады (видео)

0
145

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан еліне іс-сапармен барды. Өзбекстан президентінің ресми парақшасында Қазақтан президентін күтіп алу видеолары жарияланды, – деп жазды stan.kz.

Видео кадрларында Қазақстан президентінің ұшаққа отырғаны, оны трап жанына күтіп алып, гүл берген сәті байқалады. Өзбекстан астанасының көшесімен зулаған кортеж де көзге түсті.

«Өзбекстан президентінің шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуірде біздің елге мемлекеттік іс-сапармен келді», – делінген видеода.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сәуір күні көрші ел Өзбекстанға іс-сапармен аттанған еді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз