«Дос-Мұқасан» әншісі «аяқ-киіміңізді шешіңіз» дегені үшін әуежайда әйел қызметкерді ұрған

0
24

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайынов пен «Эйр Астана» әуе компаниясы арасындағы дау өршіп кетті. Екі тарап бір-бірін кінәлап, полицияға арыз жазды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әуе компаниясының айтуынша, әнші қызметкер қызды ұрып жіберген. Алған соққыдан қызметкер қыз жерге сұлап түсіпті. Мұндай жағдайға жол берілмеу үшін компания полицияға жүгінді.

Ал, әнші ағамыздың нұсқасы басқа.

«Мен ешкімді ұрған емеспін. Менің ашуыма тиді. Менімен қылмыскердей ерегісті. Даудың бәрі аяқ киім шешуден басталды. Менің елге сіңген еңбегім бар. Сондықтан аяқ киімімді шешпеймін. Елде еркін жүретін құқығым бар», – деп кесіп айтты», – Мұрат Құсайынов.

Ал, әнші ұрды деген қызметкер қыз ауруханада жатыр. Ол бетінің көгерген ізі жазылмайынша емделетінін айтты.

Аталған іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүруде.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз