Нұр-Сұлтанда сайлаудың әділ өтуін сұраған жастарды полиция қамап тастады

0
183

Сәуірдің 22-сі күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11 шамасында Алматы қалалық соты алдына бір топ белсенді жиналып, жексенбі күні сайлауға байланысты акция өткізіп, ұсталған жастарға қолдау білдірді. Акцияға жиналғандар «жастарды босатыңдар!», «біздің таңдауымыз бар!» деп айғайлап, ұсталған белсенділердің апелляциясын қарайтын соттан шешімнің күшін жоюды талап етті.

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Алматы қалалық соты алдына жиналған отыз шақты белсенді жексенбі күнгі марафон кезінде қамалған жастардың сотында заңбұзушылықтар болғанын алға тартып, жәй ғана плакат ұстап шығудың қылмыс емес екенін айтты.

«Сот-процесінде заңбұзушылықтар болды. Хаттаманы толтырған полицей плакатта «Лидер нации – позор нации» деген сөз болған деп жазып жіберген. Судья сот кезінде плакатты көрсетуді бұйырды. Плакатты ашып қарасақ, ондай сөз жазылмаған болып шықты. Тек «шындықтан қашып құтыла алмайсың» деген жазуды көрдік. Сонда полицейлер істі қолдан жасаған ба?» деді акцияға келушілердің бірі.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот ғимараты маңында полиция қызметкерлері көбейген.

Жиналған азаматтар 15 күнге қамалған екі белсендінің бірі Әсия Төлесоваға шыққан сот шешімін анасымен бірге апелляцияға беруге оқталған. Бірақ белсенділердің бірі түскі сағат 12 шамасында Әсияның анасы келе алмайтынын айтып, апелляциялық шағым қаралатын күн алдын ала хабарланатынын жеткізді. Оның айтуынша, Әсия Төлесованың анасының изолятордағы қызымен кездесуі түскі сағат 12 мен 1 аралығына белгіленген.

Ал Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі әзірге белсенділерге шыққан сот шешіміне байланысты апелляция түспегенін хабарлаған. Заң бойынша, сот шағым түскен мерзімнен бастап оны үш күн ішінде қарап, сот отырысын белгілеуі тиіс.

Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Ақпарат бойынша, олар жол жиегіне «От правды не убежишь. У меня есть выбор» (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар) деген жазуы бар баннерлерді іліп қойған.

Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Олар жол жиегіне «От правды не убежишь. У меня есть выбор» деген жазуы бар баннерлерді тартып қойған болатын. Акция Қазақстан саяси жүйесі мен 9 маусымда өтетін сайлауды сынауға бағытталған.

Полиция оларды ұстап, Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаев «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағып, әкімшілік іс қозғады. Кейінірек Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты екі белсендіні 15 күнге қамады. Белсенділердің адвокаттары сот шешімін апелляцияға беретінін айтты.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз