Жұмағалиев интернетті бұғаттау туралы ақпаратты тексеруге уәде берді

0
232

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәжілістің кулуарында журналистерге мереке күндері интернетті бұғаттау туралы ақпаратты тексеруге уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Қазір сіздерден өтінім түсті, енді біз тексереміз. Қазіргі уақытта интернет өте жақсы жұмыс істеп тұр», – деді ол журналистердің сұрағына.

Жұмағалиев Қазақстанның президентін сайлау кезінде мұндай мәселелер туындамас үшін, министрлік алдын-алу шараларын істейтінін атап өтті.

«Біз барлық азаматтар мен заңды тұлғаларға сапалы интернет жеткізу үшін барлығын жасаймыз», – деді ол.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз