Комсомол КосанОВты коммунист әкесі бір-ақ ұрып «өлтірді»

0
222

Дебаттан кейінгі дебат

Кешеден  бері елдің аузындағы әңгіме – Президентттікке үміткерлердің дебаты… Ең көп айтылып жатқаны – комсомол КосанОВты коммунист «әкесі»  Жамбыл Аxметбековтың бір-ақ ұрып «өлтіргені» туралы… Иә, бір соққымен нокаутқа жіберді! Дебатты көрмегендер ойлағандай, каратист коммунист қатты жұдырығымен құлаштап ұрған жоқ – сауалына қатырып жауап қайтарып, қақ маңдайдан сөзбен ұрып құлатты…. Риза болмаған жан жоқ. Әрине, КосанОВпен бірге құлаған штаб мүшелерінен мүлде үн шықпай қалды. Шала жансар біреулері есінен танып жатып, сандырақтап жатыр… Сандырақтарының көбісі орысша болғандықтан, Серикжан Мамбеталин шығар дедік біреуін…

Комсомол Қосанов коммунист Аxметбековке: «Коммунистердің саяси саxнадан кетпей, әлі жүруі әділеттілік пе?» деген сауалына ол коммунистік партияның мақсаттарын айта келіп: » Сіз де ұмытпасам осы коммунистік партияның сапында 7 жылдан аса қызмет еттіңіз. Тіпті, былтыр біздің комсомолдың 100 жылдық тойына арнайы келіп, бізді құттықтап, тойлағаныңызға біз раxмет айтамыз» деп сұлатып салды. «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді» дегеннің тура өзі болды да шықты… Мынадай қарсы соққыдан кейін сөз қадірін түсінетін, ер қадірін ұғатын жан болса, эфирді тастап, безіп кетер еді…

Президенттікке үміткер болғанда Қосановқа тағылған басты үш айып:

  1. Тәуелсіздікті  аңсаған Желтоқсандық студенттерді қудалап, комсомол мен оқудан шығаруы;
  2. Қазақ тілін қолдау туралы ақын Мұқтар Шаxанов бастаған әйгілі 138-дің Ашық xатына қол қоймай, қарсы болуы;
  3. Қазақтың қанын теспей сорған қызыл империяның жандайшабы комсомолдың 100 жылдық мерейтойын тойлауы еді.

Осы үшінші айыбын – қызыл комсомолдың жырын жырлағанын өзі сұрап алғаны – Қосановтың өзіне келер сөзді білмейтін, арыдан ойлай алмайтын шолақ ойлы белсенді, саясаткерлігі шамалы екендігін айқын аңғартып тұр емес пе?

КосанОВты жақтаушылардың кейбіреулері мұндай соққыдан жынданып кеткен болуы керек, есін жия алмай, «біз жеңдік» деп әлсін-әлсін қайталай беруде. Есінен танып жатқан адамның «біз жеңдік, бізден бәрі қорқады» дегені қызық әрі аянышты екен. Сөйтсек, Амиржан Косановтың  Тоқаевтың өкіліне екі сұрақ қойылғандықтан, талап бойынша енді сұрақ қоюға болмайтынын түсінбей(?) сауал қоймақшы болуын, жүргізушілердің оған – білдей Президенттікке үміткерге бірінші сынып баласына түсіндіргендей, ереже бойынша сауал қою лимиті біткенін  ескерткені – «қорыққаны» екен! Қосанов сұрақ қойып жатқанда уақыты бітіп қалып, микрофоны өшірілуі де «биліктің қорыққаны» екен? Оу, жалғыз КосанОВ емес, уақыттан асып кеткен көбісінің, тіпті «Нұр Отанның» – Тоқаевтың өкілінің де микрофоны өшірілді емес пе?  Күлесің бе, жылайсың ба?

«Өлетін бала молаға қарай қашады»-деп бекер айтып жатқан жоқпыз. Бұл енді коммунистер туралы айтарымыз. Қазақ елін отарлаған Коммунизм идеологиясы мен заманы келмеске кеткенде, шынында да Қазақстан парламентінде коммунистер фоакциясының болуы ұғымға сыймайтын парадокс екенін ақылшыларының нұсқауымен комсомол КосанОВ  айтпаса да, да, қазір коммунистердің өздері де іштей мойындайды.  Иә, сөздің расы, Ресейдегі Зюганов басқаратын компартияның филиалы санайтын бұл коммунистік идеологияның табытын ашылмастай етіп шегелеп тастау үшін шешімді қайрат керек болып тұр жаңа Президентке.

Ал «Ақ жолдан» үміткер Дания Еспаеваның республикалық сайлауалды штабы жетекшісі Азат Перуашев та Косановты нокаут болмаса да, нокдаунға жақындатып қойды. «Барлық өңірде филиалдары бар «Ақ жол» партиясы 135 мыңдай дауысты мерзімінде жинауға көп күш жұмсағанда, бір де бір облыста филиалы жоқ «Ұлт тағдыры» ұйымынан түскен Әміржан Қосанов қалай 120 мыңды аз уақытта жинап үлгерді?» деген сұрақ елдің көкейіндегі де сұрақ еді… Өйткені, 120 мыңның 100 мыңын билік (әскерилер мен мектептер арқылы) жинап бергені интернетте тарап кеткен болатын. Тіпті, «Қосановты қолдаймын» деп жүрген Ермұрат Бәпидің өзі де баспасөз мәслиxатында «Қосанов 120 мыңды жинауға билік көмектесті деген сөзге өзі жеке жауап беруі керек. Себебі, біздің үйімізге де Кімге екені жазылмаған қол жинаушы бланкілер алып әскерилер келіп кетті» – деп мәлімдеді… Содан да болар, ютубтағы бір арнаға сұқбат берген Қосанов Әблязовпен бірге Ермұрат Бәпиге де ренішін айтып қалды…  Ермұрат мырза ол аз десеңіз Әміржанның биліктің айтқан жерлеріне ғана салпаңдап барып жүруін де сынап тастады. Ал, Қосановты қостаушыларды саясаттан мақұрым ақылсыз тобырға теңеді. 

Әрине, Әміржан мырза «Өзіміз өйтіп-бүйтіп жинадық 120 мың қолды. Оппозициялық  ұйымдар, партиялар көмектесті» деп жауап берді. Жауап беріп тұрғанда еш қиналмады-ау, тіпті беті бір рет те жыбыр еткен жоқ, ер екен сабазың шынында…

Сонда ол қандай оппозициялық ұйымды айтып отырғанын ел түк түсіне алмады. Оппозициялық партия болып есептелетін, кезінде Әміржанның өзін қатарларынан қуып шыққан ЖСДП, қазіргі «Ақиқат» партиясының төрағасы Ермұрат Бәпидің өзі «Әміржан 120 мыңның қалай жиналғанына жауап берсін» деп мәлімдеме жасаса, сонда Қосановқа көмектескен қандай оппозициялық партия болды екен?!. Әблязовшылар дейін десең, «Сен биліктің жобасысың» деп, Қосановтың екі аяғын бір етікке тығып жатқан солар ғой…

Ұлтшылдарың анау, «Ұлттық мүддеге қарсы Қосанов қалай ұлтшылдар атынан сайлауға түсіп жүр» деп елді шулатқан…

Сөйтіп, сайыс алаңынан КосанОВты зембілмен көтеріп алып кетті… Сайлау біткенше аман болса екен әйтеуір….

Маxамбет  Ерғали,

Gu-gu.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз