Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қаза болғаны туралы ақпарат тарады

0
116

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшысы Қанат Бозымбаевтың өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Radio NS эфирінде энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың жол апатынан қаза болғаны туралы қате ақпарат айтылғандықтан, энергетика министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды», – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, Қанат Бозымбаев аман-есен, жұмыс орнында қызметін атқарып жүр.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз