«Менің көмекшім емес»: Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері туралы айтты

0
174

ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов 11 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған министрлік қызметкеріне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Бірден айтайын, бұл қызметкер менің көмекшім емес. Мүмкін ол штаттық кесте бойынша министрлікте көмекші ретінде есепте тұрған шығар», – деп түсіндірді министр.

Cондай-ақ ол министр лауазымына тағайындалған сәттен бері кадрлық конкурстық комиссия өткізілмегенін, яғни, өзі жұмысқа ешкімді қабылдамағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, БҒМ жауапты хатшысының көмекшісі 11 млн теңге жымқырды деген күдікпен қолға түсті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз