Марғұлан Сейсембай: Неге басқа елдiң қателiктерiн бiз қаржыландыруымыз керек?

0
189

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай зейнетақы қоры туралы, салық туралы өз ойын ашып жазып, заңды тұлғаларға сауал жолдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Марғұлан Сейсембай «Заңдалған тонау» деген атпен жеке парақшасында жазба қалдырған.

1. Зейнетақы қоры жөнiнде менің бiр сұрағым бар: Біздің ақшамызды болмайтын жобаларға ұқыпсыз шашатын адамдарға біз неге тағы да 5% қосымша қаражат аударуымыз керек? Біздің зейнетақы ақшамызды басқаратын адамдардың аттарын атап өтуiн талап етемiн.

2. Неге біз әр автокөліктен миға симайтын утилизациялық жиынын төлеуіміз керек? Онысы аздай, енді ауыл шаруашылық техникасы үшін де төлейміз. Сонда осы жүздеген миллион долларлар жеке компанияның шотына төленедi. Бұл фирманың қожайындарының атын атауын талап етемін. Олар біздің жүздеген миллион доллар ақшамызды алуға лайық болатындай не жасады?

3. Неге бiз әр сатып алған көлiктен ресейдiң бес тиын пайдасы жоқ ГЛОНАСС жүйесiне миллиондап ақша төлеймiз? Неге басқа елдiң қателiктерiн бiз қаржыландыруымыз керек? Бізге жемқорлық, ұрлық аз болғандай, тағы салық тәрізді міндетті төлемдерді мойынымызға асып қойды.

Үкіметке айтарым – демалысқа кетiп түк iстемеңдершi елді дүрліктірiп бұндай шешiмдердi қабылдағанша.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз