Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
143

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыздығына байланысты ҚР Бас прокуратурасымен тоқтатылды.

Шенеунікке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қозғалған іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты тоқтатылды.

Оның күшін жою туралы шешімді 28 қазанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Әбу Әли Саттар қабылдады.

Еске салсақ, әуел бастан-ақ, Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы сыбыстар әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл оқиға 26 қыркүйекте болғандығы айтылды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз