Ақтөбелік жігіт миллиондаған ақша алудың қитұрқы жолын тапты

0
717

Ақтөбедегі банктердің бірінің қызметкері әріптестерін бірнеше миллионға алдап кетті, деп хабарлайды Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адам әріптестері мен таныстарынан 50-70 теңгеден қарыз алып, процентпен қайтарған.

«Сенімге кірген соң ол бұдан көбірек соманы сұрапты. Бірнеше миллион теңгені келісілген мерзімде қайтаруы тиіс еді. Алайда бұл ер адамның жоспарында да болмаған», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Банкирдің әрекетінен сегіз адам зардап шеккен. Полиция қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігіне сәйкес («алаяқтық») тергеуді бастады.

Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 4 000 айлық есептік көрсеткіш (10 миллион 604 мың теңге – Sputnik) көлеміндегі айыппұл төлейді немесе 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса осы мерзімге бас бостандығынан айыру шарасы қолданылуы мүмкін.

Дереккөз: sputniknews.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз