Жұмысшы «Қазақмыс» басшысын жарақаттап, кейін өзіне жүрек тұсына пышақ салған

0
22

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорнында болған қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. «Қасақана адам өлтіруге оқталды» деген бап бойынша. Істің құпиясы, басқа да мәліметтер бар, әбден анықталғанша, толық ештеңе айта алмаймыз», – деді Ахметжанов мәжіліс кулуарында.

Журналистер одан егер айыпты адам өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмса, кінә кімге тағылатынын сұрады.

«Ол жағдайда күдіктінің болмауына байланысты іс қысқартылады», – деді ол.

Айтуынша, қазір іс бойынша процессуалды прокурор тағайындалған, іс соның бақылауында.

Қазақмыстағы оқиға

Жезқазғандағы оқиға 21 қаңтар күні кешкі сағат алтыда болды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС бас директоры Амангелді Мініғұлов пен «Кәсіп қорған» кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал шыққан. Тәжбенов Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алған.

Сондай-ақ, араша түскен «Қазақмыс» корпорациясының қызметкері Сабыржан Тембаев та жараланды. Екеуі де қазір ауруханада жатыр.

Ал Тәжбенов оқиға орнында өзіне қол салып, көз жұмған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз