Неге Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан алып кетпей отыр?

0
35

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бірқатар елдердің өз студенттерін Қытай Халық Республикасынан әкететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол шын мәнінде Қытай бірде-бір елге өз азаматтарын шығаруға рұқсат бермегенін айтты.

БАҚ-та Өзбекстан мен АҚШ-ты қоса алғанда, бірқатар елдер жаңа вирус таралатын Уханьдан өз азаматтарын көшіруге дайындалып жатыр деген ақпарат пайда болды.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров министрлік карантин енгізілгенге дейін қазақстандықтардың саны туралы ақпарат жинап, түрлі сценарийлерге дайындалғанын түсіндірді. Бірақ қытай билігі Уханьды жауып, ешкімді шығармайды.

ҚХР-дағы қазақстандық дипломаттар басқа елдердің елшіліктері сияқты қазақстандықтарды көшіру жолдарын қарастыра бастады. Карантинді жарияланған алғашқы күндері олар Қытай тарапына осындай мүмкіндік туралы тиісті сауал–хат жолдады.

Қытай тарапы мұндай рұқсат берген жоқ, қалалар карантинге жабылды. Бірақ жаңалықтар өз бетінше өрбіп барады…,- деп жазды Смадияров өзінің Facebook бетінде.

Бұған дейін СІМ-де Уханьда 100-ге жуық қазақстандық студент бар екенін хабарлады. Дипломаттар олармен үнемі байланыста. Жалпы Қытайда 10 мыңнан астам қазақстандық студент бар. Олардың барлығы консулдық есепке тұрмаған, сондықтан оларға бірден көмек көрсету мүмкін емес.

Дереккөз: aikyn.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз