Қазақстанда еңбек мигранттарының 28 пайызы Қытай азаматы

0
233

Соңғы мәліметтер бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 19 137 шетелдік азамат қызмет атқарып жүр. Оның ішінде 5 мыңнан астам шетелдік басшылық қызметте.

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

«Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) – 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 364 (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік ауысым шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды. Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны – 2 021, оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ведомство таратқан ақпаратта мигранттардың көбі еңбек етіп жүрген қызмет түрі де аталған.

Мәселен, шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%), тау-кен өнеркәсібінде 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), Сондай-ақ, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1 397 шетелдік (7%) қызмет етеді. Соның ішінде еңбек мигранттарының 28 пайызы Қытай азаматы. Яғни, 5 266 адамға жетіп отыр. Ал қалған бөлігі Түркия – 1 935 (10%), Үндістан – 1 896 (10%), Ұлыбритания – 1 434 (8%), Өзбекстан – 965 (5%) елдерінен екені айтылған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз