«Жиіркенішті»: Әйелін сүйген Кенжебек Жанәбілов сынға ілікті

0
602

Жақында ғана төртінші рет әке атанған әнші, «Музарт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов жарымен танысқан күнін еске алды. Өміріндегі ерекше күн туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырған, – деп хабарлайды ernur.kz.

Сонымен қатар, жұбайы екеуінің Париж қаласында түске ерекше суретін де жариялаған.

– Бүгін бір қызбен таныстым. 01.03.2005 жылы кездесуге шақырдым. Танысқан күніміз «Алғыс айту» күніне тұспа-тұс келген екен. Аллаға шүкір осы күніме. Ал, мына фото «Махаббат» қаласында. Мереке құтты болсын. Әр шаңыраққа тек жақсылық тілеймін, – деп жазған әнші.

Өнер иесінің тосын әрекеті өзге шоу-бизнес өкілдеріне де, желі қолданушыларға да ұнай қоймаған. Мұны жазба астындағы қызу пікірталастан байқауцға болады.

«Жабайы сүю ғой, ұят нәрсе! Енді қалғаны осы еді»,»Жиіркенішті», «Сен аш болсаң өзіңе ұқсамайсың, деген сурет», «Горилла сияқты жеп қояйын деп тұр ғой», «Мына сурет қалай өзі? Қойыңызшы, Кенжебек мырза, бұныңыз ұят енді», «Сен де өнеріңді шығарайын дедің бе?, Басқа фото жоқпа, балдарыңа не тәрбие?», деген сынды пікірлер жазылуда.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз