Дәурен Абаев: Алдағы бір айда КОРОНАВИРУС әлі де АСҚЫНА ТҮСЕДІ

0
49

Алдағы бір айда ауру әлі де асқына түседі. Осындай болжамын айтқан Ақпарат министрі індеттің көрсеткіші содан кейін ғана төмендейді деп отыр, – деп хабарлады КТК.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Егер біз дәрігерлердің айтқан нұсқауын неғұрлым нақты әрі дұрыс орындайтын болсақ, бұның барлығы соғұрлым тез бітеді. Біздің ойымызша, инфекцияның таралуы, жаңа науқастардың тіркелу деректері әлі де болады. Содан кейін, індет жұқтырғандар саны азаяды. Бір айдың көлемінде бәрі аяқталады деп үміттенеміз.

Қауіпті кесел көбіне шетелден келген отандастардан анықталып жатыр. Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі 6 мыңдай турист Қазақстанға қайтарылған. Енді тағы 145 адам демалысын үзіп, елге жеткізілмек. «Туристік Қамқор» қоры арқылы 4 мыңға жуық қазақстандық 19 чартерлік рейспен әкелінген. Қазіргі уақытта шетелде әлі туристеріміз бар. Олардың саны – 59. Араларында тіпті демалысын үзгісі келмей, эвакуациядан бас тартқандары да бар екен. Үкімет бұл адамдарға қатысты жеке жұмыс жүргізеді. 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз