Шанхайдағы коронавирус бойынша сарапшылар тобының жетекшісі Чжан Вэньхун Қытайға коронавирустың екінші толқыны жақындап келе жатқанын айтты, – деп хабарлайды Caixinglobal-қа сілтеме жасап tengrinews.kz.
«Биліктегілердің елде COVID-19 таралуы тоқтап жатыр деген мәлімдемелеріне қарамастан мен алда әлі де біраз уақыт абай болуға кеңес беремін. Біз пандемияның екінші толқынына дайын болуымыз керек. Ол басталып кетті», – дейді қытайлық вирусолог.
Чжан коронавирус пандемиясының екінші толқынынан қашып кету мүмкін еместігіне сенімді.
Оның айтуынша, вирустың жаңа толқыны біріншісіне қарағанда ұзаққа созылып, салдары бұдан да қайғылы болуы мүмкін.