42 500 теңгені аласыз ба, жоқ па? Өзіңіз тексере аласыз

0
363

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге жәрдемақы алуға берген өтініштің статусын тексеруге мүмкіндік беретін сервисті іске қосты. Бұл туралы вице-министр Нариман Мұқышев хабарлады.

«Біз үнемі әлеуметтік желілерді қарап отырамыз. Қазіргі уақытта адамдардың ең көп сұрайтыны – «Мен бірнеше күн бұрын өтініш бердім, бәріқ әлі күнге дейін жауап жоқ». Сондықтан Біржан Нұрымбетовтің (Еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрі – Sputnik) тапсырмасы бойынша 42 500 теңге төлем бойынша статусты тексеретін сервис іске қосылды», – деп жазды вице-министр Instagram-парақшасында.

Сонымен, өз статусыңызды тексеру үшін:

  • 42500.enbek.kz сайтына кіріңіз
  • «Өтінім статусын тексеру» деген жерді басыңыз
  • ЖСН мен жеке куәлік нөмірін енгізіңіз
  • “Мен робот емеспін” деген жерге ✔ белгісін қойып, «тексеру» батырмасын басыңыз.

Бірден өтінішіңіздің статусы шыға келеді.

Айта кеткен жөн, бір құрылғыдан бір сағаттың ішінде 3 сұранысқа дейін жібере аласыз.

Дереккөз: sputniknews.kz 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз