АҚШ-та 15 жастағы қазақстандықты атып кеткен

0
71

18 мамырда АҚШ-тың Шарлотт қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрағында 15 жастағы қазақстандық Роман Кичигинді атып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Charlotteobserver мәліметінше, бозбала кісі тонаушылардың құрбаны болған. Жасөспірім 16 жасқа толуына бір ай қалғанда марқұм болды. Роман Кичигин BMW маркалы автокөліктерді сатып алып, жөндеп, оны қымбат бағамен сатумен айналысқан.

Бұл күні ол қатарынан үш көлік сатқан. Өкінішке қарай, төртінші көлікті сататын кезде, тонаушылар жасөспірімге оқ атқан, соның салдарынан ол кейін ауруханада көз жұмды. Оның жанында анасы болған. Полиция Романның өліміне күдікті ретінде 18 жастағы жігітті ұстады.

Жерлеуді ұйымдастыруға жергілікті тұрғындар 41 мың доллардан астам қаражат жинады. Романның отбасы АҚШ-қа 2014 жылы Семейден қоныс аударғаны белгілі болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз