Жігітпен рұқсатсыз кездескен қызының басын шапқан әке елді дүрліктірді

0
72

Иранда ар-намыс үшін өзнің 14 жастағы қызының басын шауып тастаған ер азаматтың оқиғасы жұртты дүр сілкіндірді. Бұл ақпарат лезде жергілікті басылымдардан әлем халқының құлағына жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш оқиға жайында Al Jazeera сайтында жарияланыпты.

Сұмдық жайт Иранның Талеш қаласында орын алған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам қызының басын орақпен кесіп тастаған.

Ромина Ашрафи есімді марқұм қыз 35 жастағы ер азаматқа ғашық болып, үйінен қашып кеткен. Алайда оның әкесі олардың ара-қатынасына қарсы болыпты. Полицейлер қыздың «қайтқысы келмейтінін, тіпті, отбасындағылар оны өлтіруі мүмкін» деген сөзіне қарамастан жеткіншекті үйіне қайтарыпты. Біраз уақыттан кейін Романа көз жұмғаны белгілі болыпты.

Қылмыс жасаған әкесі суық қарумен бірге полицейлерге келіп, өзі берілген. Иран заңы бойынша, оның он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ғажап емес

Бұл оқиғадан кейін елде жаппай толқулар болып өткен сыңайлы. Осыған байданысты Иран басшысы Хасан Роухани әйелдерге озбырлық көрсетуге жол бермеу үшін заңды қатаңдату керектігін айтыпты.

Атап кетерлік жайт, Иранда қыздарға 13 жастан бастап тұрмыс құруға рұқсат берілген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз